English Kazakh Russian

Login

Home ESO ДТОО Энергосервис Новости ДТОО Энергосервис “Энергосервис” қарызданып қалудан қауіптенеді

“Энергосервис” қарызданып қалудан қауіптенеді

print
email
Last update by Administrator EIGroup
“Энергосервис” қарызданып қалудан қауіптенеді

Январь 17, 2016

Қарызданып қалудан қауіптенеді

Автор: Н.ШӘКІМ

сілтеме: http://www.halyk-gazeti.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=4809:lr-&catid=6:2011-11-18-09-03-06&Itemid=6

Қызылорданы жарықпен қамтып отырған «Энергосервис» еншілес жауапк­ершілігі шектеулі серіктес­тігінің басшылығы «бірер жылда банкро­ттық жағдайға душар боламыз ба?» деп алаңдап отыр. Оған меке­ме­нің жыл басынан бері 405 млн. теңгеге қарызданып қалуы себеп. Бұл - тұрмыстық тұтынушылардың  85 пайызының ең төменгі 13,92 теңгені құрайтын тарифпен төлем жасау­ының  негізінде орын алып отырған  жағдай. Тарқатып айтар болсақ, жеке тұлғаларға сараланған тариф­ті тұтыну көлемі бойынша тұрғындардың  бәрі  шекті  мөлшерден аспайды  екен. Бұл  электр энер­гиясын үнем­деуге  мүмкіндік берге­німен, мекеме­нің қаржылық жағ­дайына кері әсерін  тигізіп отыр.

Бұған дейін де электрмен жабдықтаушы «ҚызылордаЖарықСервис» ЕМКК, «Сыр жарығы» ЖШС сияқты ұйымдар дәл осы мәселеден таршылық көріп, бірінен соң бірі жабылған болатын. Мәселен, «ҚызылордаЖарықСервис» ЕМКК-ның небәрі 3 жыл ішіндегі қарызы 1,5 млрд. теңгеге жетіп жығылса, «Сыр жарығы» ЖШС-нің қарызы 1,4 млрд. теңгеден асып кеткен. Қазіргі таңда нарықта жұмыс жасап отырған серіктестік алдыңғы екі ұйым сияқты қарызданып қалудан  қауіптенуде. Бұл проблеманы бір ізге салу үшін төлем жүргізу тәртібін қайта қарап немесе тариф­тің құнын шарықтатып жіберуден басқа амал болмай тұр. Өткен аптада облыс әкімдігінің баспасөз орталығында БАҚ өкілдеріне арнап брифин­г өткізген аталмыш серіктестіктің басшысы Еркебұлан Есен­баев жарықтың бағасына қатысты бас қатырып жүргенін жеткізді. Оның айтуынша, тарифтің орташа бағасы 16,04 теңгені құрайтындықтан, әрбір тұтынушыдан қабылданатын төлем 2,12 теңгедей шығын әкеліп отырғанға  ұқсайды.
- Мұндай мәселенің бір жүйеге келтірілмеуі жергілікті билікке де, біздің серіктестік жұмысына да қатысы жоқ. Бұл электр энергиясын босатудың тарифтік құнының ішкі тәр­ті­біне қатысты орын алып отыр. Осының негізінде, энергиямен жабдық­таушы ұйым Қызылорда қаласын үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету мақсатында екінші  деңгейлі банк­терден 280 млн. теңгедей несие алып отыр. Бұл, әрине, қайтарылатын ақы бол­ғандықтан, біздерге шығын. Алайда осы шығындарға қарамастан, бұған дейінгі энергиямен жабдықтаушы мекеме­лермен салыстырар болсақ, «Энергосервис» ЕЖШС 3 жылдан бері барынша тиісті жұмыстар жүргізіп келеді. Тұтынушылардың 85 пайызының төменгі тарифпен төлем жүргізуі салдарынан орын алып отырған мәселеге байланысты бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірақ тарифтің құнын осылай болды екен деп біздер өсіре алмаймыз. Себебі, алдымен халық­тың жағдайын ойлаған жөн, - деді серіктестік басшысы.
Мекеменің қаржылық қиындықтары дебиторлық қарыздардың уақытында қайтарылмауына да байланысты болып отыр. «Жығылғанға жұдырық» демекші, тұрғындар арасында жарыққа төлем жасамайтындардың қарасы біз ойлағаннан да көп екен. Биылғы жылдың өзінде жауапкерлерден 61,5 млн. теңгедей қаражат­ сот шешімімен өндіріліп алынған.
- Ағымдағы жылы бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізілді. Айта кетсем, тұтынушылардың қордаланған қарыздарын өтеу мақсатында жауап­керлердің электр жарық­тары сөнді­ріліп, сотқа талап арыздар жолданып, қарызы бар тұтынушылардың тізімі газет беттерінде жария­ланып, автообзвон байланыс құралы арқылы ескерт­пелер айтылды. Осындай шаралардың арқасында былтырмен салыс­тырғанда көрсет­кішіміз 74,0 млн. теңгеге артық өндіріліп отыр, - деді Ерке­бұлан Есенбаев.
Брифингте басшы мекеменің қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарын да айтып өтуді ұмыт қалдырған жоқ. Ол серіктестіктің 2015 жылғы ауыз толтырып айтуға тұрарлық жетістіктерін тілге тиек етті. Биыл ғана биллинг ақпараттық базасы бойынша тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін іске қосылған «Call» орта­лы­ғының, автообзвонның атқара­ты­н функциясына ерекше тоқталды. Соныме­н бірге, электр энергетикасына төлем жүргізудегі интернет банкинг, «QIWI» терминалдарының артық­шылықтарын атап өтті.

It has been read 2249 times

Voting

Сайтқа баға беріңіз | Оцените сайт
  • 5
    37
  • 4
    1
  • 3
    3
  • 2
    4
  • 1
    23
Voting has expired

Online now

We have 5 guests and 0 users online.