_________________________________________________________________________
Жобаланған бағаны негізделген шекті бағаның деңгейіне дейін
төмендету жөніндегі дәлелді қорытынды
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) 2022 жылдың 22 тамыздағы №116, Департаментке 2022 жылдың 24 тамыздағы №1400 санды хатымен тіркелген, «Дәулетэнерго» ЖШС-нің электр энергиясын (электрмен жабдықтау) бөлшек саудада сату бойынша қызметтеріне бағаны алдағы уақытқа өсетіні туралы ақпаратын қарап, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №36 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 8 ақпанда №14778 тіркелген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 11 наурыздағы №8 отырысында мақұлданған Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөніндегі жол картасының 17-тармағын іске асыру шеңберінде, «Дәулетэнерго» ЖШС-нің электр энергиясын (электрмен жабдықтау) бөлшек саудада сату бойынша қызметтерінің жобалық орташа босату бағасын 2022 жылдың 20 қазанынан бастап 1 кВт/сағатқа ҚҚС-сыз 24,20 теңгеден 21,14 теңгеге дейін Қағидаларға сәйкес негізделген шекті баға деңгейіне дейін төмендету қажеттігі туралы хабарлайды.
Негіздеме: «Дәулетэнерго» ЖШС-нің электр энергиясын бөлшек саудада сату қызметінің жобалық бағасына сараптамасы, энергия көздерінен электр энергиясының құнының, «КЕГОК» АҚ-ның желілері арқылы электр энергиясын беру тарифінің, жабдықтаушы үстем ақысы мөлшерінің өзгеруі және 2021 жылдың қорытындысы бойынша кірістер мөлшерін түзету.
Департамент басшысының
міндетін атқарушы К. Кеншембаева
қонақ - 14,
тұтынушы - 0.