English Kazakh Russian

Вход

Бас бет ЭСО ДТОО Энергосервис Новости ДТОО Энергосервис Тұтынушылар қарызы қордаланып тұр

Тұтынушылар қарызы қордаланып тұр

print
email
Последняя редакция от Administrator EIGroup
Тұтынушылар қарызы қордаланып тұр

Январь 20, 2016

Газета: Сыр бойы

Ссылка: http://www.syrboyi.kz/negizginews/7030-ttynushylar-aryzy-ordalanyp-tr.html

Еліміздің энергетика нарығында 1998 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан «Энергосервис» ЕЖШС бүгінде 81 979 абонентті электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыр. Алайда мекеме әлі күнге шығын мен қарыздан бас көтере алар емес. Бұл туралы журналистермен кездесуде серіктестік директоры Еркебұлан Есенбаев баяндады. Оның айтуынша, мекеменің «КРЭК» АҚ мен «КТЭЦ» МКК алдындағы кредиторлық қарызы 303,6 және 103,7 млн теңгеге жеткен. Мекеме басшысы қарыздың қордаланып қалуының себебін де жасырмады.

– «КРЭК» АҚ және «КТЭЦ» МКК-на кредиторлық қарыз болудың негізгі себептері, жеке тұлғаларға сараланған тарифтің тұтыну көлеміне байланысты шығындардың есебі биылғы жылдың 9 айында 130,8 теңгені құрады. Бұлай жалғаса берсе бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 166 млн теңгеге жетуі мүмкін. Оған қоса «КТЭЦ» МКК-нан электр энергиясынбосату көлемінің төмендеуі салдарынан сыртқы энергия өндіруші мекемелері және «KEGOC» АҚ-ның қызмет көрсетуі ұлғайып, ескерілмеген қосымша шығындар есебі 238 млн теңгеге өсті. Сондай-ақ, шығынға ұшырауымызға 85 пайыздан астам тұрмыстық тұтынушылардың төменгі, яғни 13,92 теңге тарифпен төлеуі себеп болып отыр. Бірақ бұл жағдайлар қаланы сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етуге кедергі болмас үшін екінші дәрежелі банктерден 280 млн теңге несие алуға мәжбүр болдық, – деген ол мекеменің шығынға батуы жұмыстың жүйесіздігін білдірмейді дегенді алға тартты.

Айтуынша, еселенген тұрғындар қарызын өндіру мақсатында биылғы жылдың 10 айында 506 талап арыз сотқа жолданып, оның алғашқылары бүгінде өндірілген. Мәселен, өткен 2014 жылмен салыстырғанда бұл жұмыс 74 млн теңгеге артық орындалған. Ірі көлемде қарызы бар бау-бақша серіктестіктері мен ауылдық округтерінің де мәселелері сотпен қаралуда. Себебі жинақталып қалған қарыз көлемі бүгінде бау-бақшалы жерлерде 15 385 150 теңгені құраса, ауылдық округтерде бұл 17 224 381 теңгеге жеткен.

Еркебұлан Есенбаев қарызы еселеніп кеткен тұрғындардың ісін сотқа жолдағаннан өзге түсіндіру жұмыстары, БАҚ беттерінде ашық жариялау, жұмыс орындарына хат жолдау шаралары жасалып жатқандығын да тілге тиек етті. Бірақ нәтиже әлі де болса көңіл қуантпай отыр.

Айта кетейік, 2012 жылы осы салада жұмыс жасаған «Қызылорда жарық сервис» ЕМКК 1,5 млрд теңге қарызбен банкрот болып табылған еді. Энергетика нарығына «Сыр жарығы» ЖШС да шыдас бермеді. Ал «Энергосервис» ЕЖШС-ның қарыз көлемі 405 млн теңгені құрап отыр.

Просмотров: 1812
Ключевые слова: қарыз

Дауыс беру

Сайтқа баға беріңіз | Оцените сайт
  • 5
    37
  • 4
    1
  • 3
    3
  • 2
    4
  • 1
    23
Voting has expired

Қазір сайтта


қонақ - 5,
тұтынушы - 0.